Үндестік
"Үндестік" облыстық жобасын іске асыру бойынша ақпарат
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Жобаның мақсаты: Қолайлы оқу - тәрбие өрісін құруға бағытталған әлеуметтік әріптестік қағидаттары мен шарттарында отбасы мен білім беру ұйымдарының жүйелі, кешенді, үйлестірілген әлеуметтік - психологиялық педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс - қимылын қамтамасыз ету.
«Үндестік» жобасы біздің мектепте келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
1. Ғылыми - әдістемелік бағыт;
2. Диагностикалық - аналитикалық бағыт;
3. Профилактикалық бағыт;
4. Консультативтік - ағартушылық бағыт;
5. Даму бағыты.
Ата - аналармен өзара әрекеттесудің келесі формалары қолданылады:
- Ашық ата - аналар жиналысы;
- Ата - аналар дәрісі;
- Бірлескен қызмет.
Сынып жетекшілерінің, психологтардың және әлеуметтік педагогтың ата - аналарымен жеке жұмыс жүргізіледі:
- Сауалнама және диагностика;
- Ата - аналармен тренингтер;
- Үйге бару;
- Кеңес беру.
Отбасы мен білім беру ұйымының өзара іс - қимылы жөніндегі жобаны іске асыру барысында мынадай нәтиже болжанады:
1. Ата - аналардың, педагогтардың психологиялық - педагогикалық мәдениетін арттыру;
2. Білім беру ұйымдарында ашық және қолжетімді әлеуметтік - педагогикалық жүйені құру арқылы ата - аналарда, балаларда және педагогтарда нәтижелі бірлескен қызмет және оқуда, шығармашылықта және әлеуметтік өмірде өзін - өзі табысты іске асыру тәжірибесін қалыптастыру;
3. Ата - аналармен бұқаралық іс - шаралар жүйесін құру, бірлескен қоғамдық маңызы бар қызметті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар;
4. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейту;
5. Тәрбиешілер мен ата - аналардың, сондай - ақ жұртшылықтың әлеуметтік серіктестігі үшін ақпараттық кеңістік құру;
6. Ата - аналардың оқу - тәрбие іс - әрекетінің мазмұны мен нәтижелілігіне қанағаттануын арттыру.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін жоба тиімділігінің критерийлеріне сәйкес жоба бойынша жұмыс нәтижелерінің қорытындылары шығарылады.