“Қарасу ауданы білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі» КММ - де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ұлттық мерекелік кеш ұйымдастырылды!
Бұл күн - жай ғана күнтізбедегі дата емес, бұл - миллиондаған жүректерді біріктіретін шынайы мереке. Біз әрқилы ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатқан мемлекетімізбен мақтанамыз, еліміздегі өзара құрмет, достық пен келісімді қадір тұтамыз!
Жүрегімізде әрдайым Қазақстанға деген мақтаныш, бірлікке деген сенім мен жасампаздыққа ұмтылыс мәңгі сақталсын!
Көктемнің, бейбітшіліктің және еңбектің мерекесі құтты болсын!
Біртұтас, қуатты және жарқын Қазақстан жасай берсін!